САЙРАГҮЛДІҢ ТАҒДЫРЫ қазақ-қытай саясатына тіреліп тұр

Отба­сы­на қосы­лу үшін екі бір­дей елдің шека­ра­сын «бұзып өткен» қазақ қызы Сай­ра­гүл Сауыт­бай­дың Алма­ты облы­стық көші-қон қыз­меті басқар­ма­сы­ның жаны­нан құры­лған комис­сия үсті­нен түсір­ген талап-ары­зы бой­ын­ша сот про­цесі Тал­ды­қорған­да қай­та жалға­сты. Шағым беру­ші жақ сот­тан комис­сия шеші­мін заң­сыз деп тану­ды, Сай­ра­гүл Сауыт­бай­ға босқын мәр­те­бесін беруді сұрап отыр.

Об этом сообщает РуссианГейт

Еске сал­сақ, 2018 жылы қазан айын­да Қаза­қстан билі­гі Шың­жаң­да туған, Қаза­қстан­да «шека­ра­ны заң­сыз кесіп өтті» деп айып­талған Сай­ра­гүл Сауыт­бай­дың өзіне босқын мәр­те­бесін беру тура­лы өтіні­шін қанаға­тан­дыр­маған еді. Мәсе­лені қараған комис­сия «Сай­ра­гүл­дің Қытай­да қуда­ланға­ны дәлел­ден­беді» деген қоры­тын­ды жасаған бола­тын. Сай­ра­гүл Сауыт­бай мен оның адво­ка­ты Айман Ома­ро­ва сот­тың бұл тұжы­ры­мы­м­ен келіс­пей­ді. Сот про­цесін­де негізі­нен Сай­ра­гүл Сауыт­бай­ға босқын мәр­те­бесі беріл­ме­уінің негіз­гі себеп­тері талқы­лан­ды. Сотқа Алма­ты облы­стық поли­ция депар­та­мен­тінің екі мама­ны және облы­стық көші-қон қыз­метінің бір өкілі қаты­сып, осы мәсе­ле бой­ын­ша жау­ап бер­ді. (Қаза­қ­ша өткен сот оты­ры­сы­на қаты­сқан ұлты қазақ поли­ция депар­та­мен­тінің өкіл­дері орыс тілін­де, аудар­ма­шы арқы­лы жау­ап бер­ген­дері көрер көз­ге, естір құлаққа күл­кілі бол­ды).

Сотқа шағым бер­ген Сай­ра­гүл Сауыт­бай өзінің Қытай­да 2016 жыл­дың қара­ша айы­нан бастап қуда­ла­на бастаға­нын, бар­лық құжат­та­ры­нан айы­ры­лып, Қаза­қстан­дағы отба­сы­на жете алмаған­ды­қтан «шека­ра­ны заң­сыз кесу­ге мәж­бүр болға­нын» айт­ты. Тал­ды­қорған­дағы комис­сия жұмысы­на Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті өкіл­дерінің комис­сия құра­мын­да жоқ бел­гісіз адам­да­ры ара­ласқа­нын, олар­дың өзі­нен «босқын мәр­те­бесін алма­саң да, шағым­дан­ба­уды талап еткенін» де айтып, былай деді:

– Маған босқын екеніңді дәлел­дей­тін­дей құжат­тар жина деді. Жинап әкеліп едім, енді оның қажеті жоқ деп, ҰҚК өкілі – Жан­дос деген жігіт алып кет­ті. Ал «Босқын» мәр­те­бесін неге бер­медіңіз­дер?» – деген сұрағы­ма: «Екі мем­ле­кет­тің қарым-қаты­на­сы­на әсер ете­ді», – деген жау­ап алдым. Менің тағ­ды­рым осы­лай ойын­шық болып қал­ды.

Ал айып­тау тара­бы­ның өкілі Әсем Егіз­ба­е­ва Сай­ра­гүл­дің айтқан­да­ры­на дәлел талап етіп, «құрғақ сөз, оның бәрін дәлел­деу керек» деді. Мәсе­ленің анық-қаны­ғын білу үшін, адво­кат Айман Ома­ро­ва айып­тау жағы­нан комис­си­я­ның Сай­ра­гүл­ден сұрақ-жау­ап алу кезін­де түсіріл­ген видео­ны талап етті.

Поли­ция депар­та­мен­тінің өкіл­дері «босқын мәр­те­бесін беру-бер­меу мәсе­лесі бір күн­нің ішін­де шыға­ры­ла сал­маға­нын», «Сай­ра­гүл­ден сұрақ-жау­ап алы­нып, ақпа­рат­тың мұқи­ят тек­серіліп» барып, шешім шыққа­нын айт­ты. Олар бұл тұрғы­да Қаза­қстан­ның «Босқын­дар тура­лы заңын­да» көр­сетіл­ген­дей қажет­ті про­це­ду­ра­лар­дың бәрі сақталға­нын айт­ты.

Айып­тау тара­бы­ның айтуын­ша, Сауыт­бай­ға «босқын мәр­те­бесін беру» мәсе­лесін қараған тал­ды­қорған­дық комис­си­я­ның құра­мын­да жеті адам: ара­сын­да облы­стық ден­са­улық сақтау және білім басқар­ма­ла­ры­ның маман­да­ры, «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның өкілі болған. Адво­кат Айман Ома­ро­ва «бұл маман­дар­дың босқын мәр­те­бесін беру тура­лы мәсе­ле­ге қан­дай қаты­сы бар?» деген сау­а­лы­на «комис­си­я­ның әу-бастан осын­дай құрам­да бекітіл­гені» айтыл­ды.

Сәуір­дің 8‑іне бел­гі­лен­ген келесі сот оты­ры­сы көңіл­де­гі көп күмән­ді сей­іл­те­ді деген үміт­те­міз.

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«D»



Источник: “https://datnews.info/сайрагүлдің-тағдыры-қазақ-қытай-саяс/”